Алакөлде катер 63 жастағы зейнеткерді қағып, мерт қылды

Абай облыстық Полиция департаменті катер тізгінінде болған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Фото: ТЖМ

Қажетті сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалды.

«Су көлігін басқару және пайдалану ережелері бұзылуының адам өліміне әкеп соғуы» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

– Оқиға орнында уәкілетті органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.