Фото: ҚМА
Елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
— Перизат Қайратты «Шапағат» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін, — деді Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов үкімді оқи тұрып.
Сот үкіміне сәйкес, жалпы келтірілген шығын көлемі — 3,5 млрд теңге.
Судьяның сөзінше, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қайырымдылық қорының шотына халықтан түскен қаражатты сотталушы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева жеке шотына аударған.