СҚО-да кәріз құдығына құлап кеткен әйел көз жұмды

Фото: видеодан алынған кадр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоишимское ауылында кәріз сорғы станциясында түнгі ауысымға түскен әйел қайтыс болды. Ол жұмыс орнында есінен танып, қайғылы жағдайға душар болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Новоишимское ауылында болған.

Ауылдағы кәріз сорғы станциясының құдығынан 56 жастағы әйелдің денесі табылған. Ол аталған станцияда оператор болып жұмыс істеген.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бұл жағдайға қатысты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясында түсініктеме берілді.

Тазарту құрылыстарының операторы түнгі ауысымға кіріскен. Ауысымды қабылдау кезінде оператор сорғы станциясында бекітпе арматураның жағдайын тексеру үшін сатымен төмен түскен. Тексеруден кейін қайта жоғары көтеріліп келе жатып, есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенше есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды. Бұл қайғылы оқиға бойынша департамент арнайы комиссия құрды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — дейді СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Азат Көшербаев.