Рыбакина Вашингтон турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: ҚТФ

АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 деңгейіндегі турнирде Елена Рыбакина мен Ұлыбританиялық теннисші Эмма Радукану жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл кездесу 25 шілдеге қараған түні өтті. Ширек финалда Рыбакина мен Радукану мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиадиді 7:6 (8:6), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Алдағы кезеңде қазақстандық-британдық жұп Қытай өкілі Чжан Шуай мен америкалық Тэйлор Таунсендпен финал жолдамасына таласады.

Айта кетейік, Елена бұл жарыста бір мезетте жеке және жұптық санаттарда өнер көрсетуде. Бүгін ол жекелей сында ширек финалдық матчқа шығады. Қарсыласы – Польшадан келген Магдалина Френх.

Еске салайық, Осыған дейін Рыбакина турнирдің екінші айналымында 18 жастағы канадалық Виктория Мбокодан басым түскен. Ол кездесуді 7:5, 7:6 (7:1) есебімен аяқтады.