Фото: Pixabay
Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 21-23 шілде аралығында өтіп жатқан «Тасымалдауш жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 23 шілде күні қалада тасымалмен айналысатын ПАЗ автобусын тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.
Ол бірден наркологиялық диспансерге жеткізіліп, сараптама қорытындысы бойынша жеңіл дәрежелі масаң күйде болғаны расталды.
Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, автобус тұраққа қойылды.
Масаң күйде көлік жүргізген жүргізушіге 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған.