Фото: Видеодан алынған кадр
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа видеолар жариялап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Qazaq.today.
Нұрғали Нүсіпжанов бұл жолы өзінің әйелі Жадыра Сейдешпен бірге фотосессия жасаған сәтін Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялады.
«Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. «Сұңқар» фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға «жүз жасаңдар, айналайындар» деген ақ жарма бата-тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім», – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.
Нұрғали Нүсіпжанов биыл 88 жасқа толды. Ал оның қазіргі әйелі Жадыра Сейдеш өзінен 45 жасқа кіші.