Жамбыл облысында діни радикализммен айыпталған 4 адам сотталды

Фото: Pixabay

Жамбыл облысында діни радикализммен айыпталған 4 адамға  қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Биыл Бірлесу Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасының нұсқауы негізінде полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни алауыздықты нәсихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамнан құралған адамдар тобын құрықтаған.

Аталған тұлғалар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған.

«Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген», — делінген хабарламада.