Алакөл маңында жер сілкінді

Фото: primeminister.kz

24 шілде күні Астана уақытымен 08:47-де Сарқант қаласынан 124 шақырым солтүстік-шығыста жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алакөл көлінің маңындағы жер сілкінісін отандық сейсмологтар растады.

Жер сілкінісі Жетісу облысындағы Алакөл көлінің маңында тіркелген.

«Жер асты дүмпуінің магнитудасы – 3,7» – деп жазылған Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) таратқан хабарламада.

Қазақстандық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан.