Дағыстанда Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады

Фото: Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі

Жол апатынан барлығы 8 адам зардап шеккен, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап. 

Дағыстанның Тарумов ауданында қайғылы оқиға орын алып, 4 адам қаза тапты. Оның екеуі – балалар.

Қайғылы оқиға 22 шілдеде Астрахань-Махачкала федералды тас жолының бойында болған. Зардап шеккендердің барлығы Кочубеев медициналық-санитарлық бөлімшесіне жеткізілді. Қазір екі науқас ауыр хәлде жатыр.

Қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтарынан бөлек Удмуртияның тұрғындары да бар.

«Зардап шеккендерді тікұшақпен Махачкала жеткізу жоспарлануда», – деп хабарлады Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталып жатыр.