Фото: Pixabay
21 шілдеге қараған түні Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында қайғылы жағдай тіркелді. Ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал бір адамның өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оқиға Заслонов көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған.
Белгілі болғандай, жанжал кезінде ер адам танысына пышақпен шабуыл жасаған.
Жәбірленуші оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр, — деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.