Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы ауыл балаларымен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі Павлодар өңірінде киноға түсіп жатыр.
“Қараңыздар мына сәбиге бар болғаны бір ай. Ал оны кішкентай қызға табыстап қойған. Ақерке есімді қыз емізігін беріп, шұлығын кигізіп қарап жүр. Өзі да бала ғой. Мына жерде көліктер жүр, абайласын. Жігіттер мотоциклмен келді», – деді ол.
Одан кейін продюсер мотоциклмен келген баладан: атқа шабасың ба, олар қайда деп сұрайды. Ауыл баласының «аттар өрісте» деген сөзін түсінбеген Баян Мақсатқызы «өріс деген не?» деп ойланып қалады.
Желі қолданушылары Баянның бұл қылығына қатысты түрлі пікір білдірді.