22 шілде күні Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестивалінің ауқымды финалы өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Осы шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге жаңа атақ — Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді.
Dimashnews-тің жазуынша, фестивальдің салтанатты жабылу рәсімінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығына сәйкес Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге Қырғыз Республикасының халық әртісі құрметті атағы берілген.
Марапатты Димашқа Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиевтің қатысуымен табыстады.