Ақ алтын, бриллиант, көлік және қыдыру: Перизат Қайраттың анасының миллиондаған «армандар тізімі» елді шулатты

Фото: Instagram/01pk

Сот отырысында прокурор Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның телефонынан табылған жазбаларды оқып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Заметкаларда миллиондаған теңгеге арналған «армандар» мен жоспарлар тізіліп тұр:

— 37 000 000 теңге — көлік

— 5 000 000 теңге — тіс емдету

— 10 000 000 теңге — Түркияға барып емделу

— 3 000 000 теңге — БАД сатып алып ішу

— 10 000 000 теңге — қыдыру

— 3 000 000 теңге — фэншуй

— 1 000 000 теңге — бацзы оқу (қытай астрологиясы)

— 2 000 000 теңге — оффлайн қыдыру

— 3 000 000 теңге — киім алу

— 3 000 000 теңге — ақ алтыннан жасалған бриллиант білезік