Алматыда 15 жастағы жасөспірім пойыздың төбесіне шығып, тоқ соқты

Фото: ҚТЖ

Алматы-2 теміржол вокзалында пойыздың төбесіне шыққан жасөспірімді жоғары кернеулі ток ұрып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ ресми ақпаратына сәйкес, оқиға 19 шілде күні кешкі сағат 18:55 шамасында болған. Кәмелетке толмаған бала пойыз вагонының үстіне өз еркімен шығып, жоғары кернеулі токқа түсіп қалған. Ол денесінің күйік жарақаттарымен шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

Жедел жәрдем қызметі жедел жетіп, алғашқы көмек көрсеткен. Қазіргі таңда зардап шеккен баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы теміржол маңында жүрудің аса қауіпті екенін ескертеді. Өз бетімен пойыздарға шығу немесе жақындау — адам өміріне қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу жұмыстары басталды.