Фото: azh.kz
Алматының Наурызбай аудандық сотында адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты атышулы іс аяқталды. Судья Еркін Майшынов бүйректі заңсыз алып, сатып жібергені үшін айыпталған алты сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Үкімді оқу кезінде айыпталушылардың бірінің анасы үстіне спирт сеуіп, өз-өзін өртемек болды.
Топ жетекшісі — Сералі Бижанов (бұған дейін біз оны Бауыржан деп атап келдік, өйткені сот оның шын есімін жариялауға тыйым салған еді. Енді үкім шыққан соң, шын есімін атауға болады) — сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол сот залында қамауға алынды.