Ирактағы сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың саны 60-қа жетті

Фото: Screengrab/Al Jazeera

Ирактағы «Hypermarket» сауда орталығында болған өрттен көз жұмған адамдардың саны 50-ден 60-қа дейін көбейді, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы Al Jazeera-ға сілтеме жасап. 

Провинция губернаторы Мохаммед әл-Маеханың айтуынша, қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Бұл ретте ғимарат иесі мен сауда үйінің иесіне қатысты қылмыстық істер қозғалып үлгерді. Қойылған айыптардың нақты тұжырымы әлі жарияланған жоқ.

Үш күндік қаралы күн жарияланып, оқиғаға қатысты дереу тергеу басталды, оның нәтижесі кейінірек жарияланады.

Әлеуметтік желідегі оқиға орнынан түсірілген видеода өрттің бес қабатты ғимаратты, оның ішінде гипермаркет пен мейрамхананы қалай шарпығанын көруге болады.