Kaspi bank Перизат Қайраттың шотына 620 млн теңге аударған

Фото: жеке парақшасынан

Бұл қаражатты Kaspi Bank Перизат Қайраттың «тасқыннан зардап шеккендерге көмек беруді» сұраған хаты негізінде Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына аударған. Банк басшылығының қомақты соманы қорға аударуына дейін оған басқа ірі банк те сенім білдіргені әсер еткен, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Қазір сот Перизат Қайраттың үшінші эпизоды бойынша — тасқын салдарын жоюға деп Biz Birgemiz Qazaqstan қоры арқылы жиналған 2,8 млрд теңгені жымқыру ісінде жәбірленушілерді сұрап жатыр.

Жәбірленушілердің бірі — Kaspi Bank, ол азаматтық талап аясында Перизат Қайраттан 620 млн теңгені өндіріп алмақ.