Коллаж: Stan.kz
Танымал әнші Айгүл Иманбаеваға күйеуі көлік сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі жолдасымен бірге Америкада тұрып жатыр. Айдана Байтұрсын есімді желі қолданушысы әншіге арналған сыйлықты көрсетті.
“Жездем Айгүл Иманбаеваға жаңа көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған», – деп жазды ол.
Одан кейін әнші сыйлықтың мән-жайын түсіндірді.
“Мәһрге сұрағаным Lamborghini көлігі еді. Соны алып беруге уәде еткен. Әзірге Tesla-ны міне тұрамын. Ол жұмысқа өзінің көлігімен барады. Менің енді өз көлігім бар”, – деп ағынан жарылды әнші.