Мемлекет басшысы 31 тамызда Қытайға барады

20-дан астам елдің басшылары мен 10 халықаралық ұйымның басшылары Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне және оған байланысты іс-шараларға қатысады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы сейсенбі күні ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.

Ван И Тяньцзиньде ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен бірлескен баспасөз конференциясында жариялағандай, Тяньцзинь ШЫҰ саммиті 31 тамыздан 1 қыркүйекке дейін өтеді.

«Бұл іс-шараларға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады»,  – деп хабарлады Қытайдың Сыртқы істер министрлігі.