Қостанай облысында екі әйелдің мәйіті табылды

Фото: Pixabay

Қостанай облысында денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Желідегі мәліметке сүйенсек, марқұмдардың денесінен пышақ іздері табылған. Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен Қарабалық кентінің 45 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Биылғы 15 шілде күні Қарабалық кентіндегі үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның мәйіті табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс отбасылық жанжал кезінде жасалған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, қылмыстың себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Полиция департаментінің жауабында.