Қостанайда көлік басқару құқығы жоқ автобус жүргізушісі ұсталды

Ер адам жауапкершілікке тартылып, аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданды. Автобус арнайы тұраққа қойылды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған, алайда соған қарамастан қоғамдық көлікті жүргізуді жалғастырған. Мұндай әрекет жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіреді.

Құқық қорғау органдары жүргізуші куәлігі жоқ көлік басқару – заңды өрескел бұзу екенін және оның салдары ауыр болатынын еске салады.