Спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың Қырғызстанға өзі барғанын, ұлттық команданың жаттығуларына қатыспағанын айтып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әлеуметтік желілерде Қырғызстанда болған қайғылы оқиға туралы хабар тарады. Ыстықкөлде 21 жастағы шымкенттік боксшы Ибрагим Ирисматов суға батып кеткен.
Сондай-ақ қайғылы жағдай болған маңды 22 жасқа дейін қазақстандық боксшылар командасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқаны айтылды. Бұл болған оқиғаның жиынға қатысы туралы сұрақ тудырды.
Шымкенттің спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың қалалық Кәсіби бокс клубының (спорттық сауықтыру кешені) спортшысы екенін растады. Алайда оның Ыстықкөлде өтіп жатқан жаттығуларға қатысы жоқ.
— Жас жігіт Қырғызстанға демалу үшін өз ақшасына барған және басқа базада жатқан, — деп түсіндірді ведомство өкілдері.