Перизат Қайраттың сөмкелері мен киімдері 152 миллион теңгеге бағаланған

Айыптау актісінде көрсетілген деректерге сәйкес, Перизат Қайраттың меншігіндегі 123 брендтік сөмке мен киімнің жалпы құны 152,8 миллион теңгеге жеткен, депр хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Тергеу деректеріне қарағанда, ол сондай-ақ қымбат қолсағаттар мен зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақшаға сатып алған. Бұған қоса, бұршақтан зақымданған Mercedes көлігін жөндету үшін 7 миллион теңге төлеген.

Еске салсақ, 2024 жылғы 14 қарашада ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Сондай-ақ оған Палестинаға жиналған қаражаттан 200 миллион теңге жымқырды деген айып тағылып отыр. Қаржы мониторингі агенттігі оның жалпы 3,5 миллиард теңгені жымқырғанын мәлімдеді.