Атырауда бассейнде 14 адам хлордан уланды

Медициналық көмекке барлығы 14 адам жүгінген, оның үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Науқастардың жағдайлары тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

– Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді, су мен ауа үлгілері алынды. Хлор буы мөлшерінің артуы анықталған жоқ, зертханалық тексерулер жалғасып жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша зардап шеккендер денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды.

Өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктерге тексеру жүргізу тапсырылды.