Астана қаласында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Тыңдауда прокурор екі айыпталушының жеке басына қатысты бірқатар деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Айыпталушы Перизат Қайрат:
-
Орта білімін аяқтамаған, жоғары білімі жоқ
-
Психиатриялық және наркологиялық есепте тұрмайды
-
Бұрын сотты болмаған, алайда
-
2012 жылы қылмыстық қудалау аясында тартылған, іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған
-
Қазіргі таңда 2024 жылғы 14 қарашадан бері қамауда отыр
Айта кету керек, Перизат Қайрат – бұған дейін өзін қайырымдылық жобаларымен айналысып жүрген қоғам белсендісі ретінде көрсетіп келген тұлғалардың бірі.
Айып: 3 миллиард теңгені жымқыру
Сотта жария етілген мәліметтерге сәйкес, Қайрат Перизат пен анасы Алашбаева Ғайниге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша айып тағылған:
-
190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы – ірі көлемдегі алаяқтық (үш эпизод)
-
218-баптың 1-бөлігі 2-тармағы – қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру
-
218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы – бірнеше адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ақшаны жылыстату
Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушылар мүгедек балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Таяу Шығыстағы қақтығыстан қашқан босқындарға көмектесу үшін жиналған қайырымдылық қаражатын – жалпы сомасы 3 миллиард теңгені – мақсатсыз жұмсаған немесе жымқырған.
Перизат Қайраттың мәлімдемесіне ІІМ жауап берді
Сот тыңдауы кезінде Перизат Қайрат құқық қорғау органдары тарапынан қысым көргенін, жәбірленгенін айтқан болатын. Дегенмен, бұл мәлімдемені Ішкі істер министрлігі ресми түрде жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, мұндай дерек тіркелмеген.