Фото: istockphoto.com
Алматының Ремизовка ауданында қаскөй ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Оқиға орнында түсірілген видео Telegram каналдардың бірінде жарияланды. Бұл оқиғаға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
«Алдын ала мәлімет бойынша жәбірленуші – шабуыл жасағандардың бірінің өгей әкесі. Күдіктілер – марқұмның асырап алған қызы мен оның жігіті. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады полиция.
Тергеу қылмыстың ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде жасалғанын анықтады.