Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Бұдан былай ол Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады. Тағы бір лауазымды қызметке тағайындалғанын Руслан Желдібай өзінің Facebook-парақшасында жазды. Айтуынша, бұл – қоғамдық қызмет.
«Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын», — деп жазды ол.
Еске салайық, Қазақстандағы дзюдо федерациясын Қуанышбек Есекеев басқарады. Ол – Қазақстан президентінің кеңесшісі.