Төтенше жағдай министрлігінің әскери қызметкерлері Талғар ауданындағы Маралсай шатқалында құлап кеткен әйелді тапты, деп хабарлайды Qazaq.today.
“Патрульдеу кезінде көмекке мұқтаж адам анықталды. Белгілі болғандай, 1986 жылы туған әйел абайсызда жардан құлап кетіп, өз бетімен шыға алмаған. Кезекші жасақтың күшімен зардап шеккен әйел құтқарылып, келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Әйелдің өміріне қауіп төнген еді. Ал құтқарушылар қауіптің алдын алды.