Танымал блогер, әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанова ұзатылып, жаңа өмірге қадам басты. Бұл қуанышты сәтін ол Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Ұядан ұшқан күн», – деп жазды Наргиза желідегі жазбасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары: «Бағыңыз ашылсын!», «Өзі сондай сұлу, нәзік, ақылына көркі сай қыз!», «Тек бақытты болыңыз!» – деген ізгі тілектерін жарыса жазып жатыр.
Наргизаның таңдауы – алматылық кәсіпкер Жәнібек Ерболатұлына түскен. Белгілі болғандай, ол бұған дейін отбасын құрған, бірақ ажырасқан.