Дубайда «Дикий Арманның» сыбайласы ұсталды (ВИДЕО)

Бас прокуратураның мәліметінше, ол Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының құрамында болған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматыда Жұмагелдиевтің бандасы құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деп күдіктелуде», — деп хабарлады Бас прокуратура.

Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін.