Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.
«Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.
«Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге 40-тан астам адам – Алматы қалалық құтқару қызметінің (109), республикалық жедел-құтқару жасағының, ТЖД, шекара қызметінің, полиция мен еріктілердің қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар тартылды.