Ұрығы жоқ деп танылған Елдос «Колобок» ашулы жазба жариялады

Блогер Елдос «Колобок» желідегі парақшасында ашулы жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ол бұған дейін әйелінің аяғы ауыр екенін елге мәлімдеп, сүйншілеген еді. Ал ол емделген клиниканың маманы блогерде ұрық жоқ екенін ашып қойған еді.

Елдос «Колобок» енді оны ешкім тоқтата алмайтынын да жаза кетті.

“Бүгінше жылап алайық, ертең діңк-діңк деп сөйлегеннің көкесін көрсетеміз. Ешкім звондап тоқтатпай-ақ қойсын, телефонды алмаймыз”, – деп сөзін түйіндеді ол.