«Тергеуде таяқ жедім»: Астана полициясы Перизат Қайратқа қатысты видео жариялады

Астана полициясы Перизат Қайраттың сотта СИЗО-да «мені ұрып-соқты» деп шағымданған сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Шағымда айтылғандай, СИЗО қызметкері камераның есігін қолына қыстырып жауып, дене жарақатын келтіргені көрсетілген.

Материалдар полицияға жолданды. Қазір алдын ала тергеу жүріп жатыр — бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынды.

Полицияның мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, шағымда көрсетілген уақытта күш қолданылғаны видеода тіркелмеген.

Қосымша тексерулер жүргізіліп, сараптама тағайындалды.