6 шілде – Астана күнінде мерекелік кеште ән айтқан Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова сынның астында қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Әнді орындау барысында Мөлдір Мұқанова көпшіліктен өз әнін бірге айтуды сұраған. Осы әрекетіне байланысты желі қолданушылары өнер иесін сынның астына алды.
«Қандай ән дейді, 45 әні бар секілді», «Ән айтпашы», «2 ән айтса концерт берейін деп тұр ғой», «Сахнада ұстауы, қимылы тұрпайы. Шын айтамын. Мөлдір сахна сенікі емес», «100 әні бардай»– деген секілді пікірлер қалдырды.