Редакция журналистерінің айтуынша, басып алмақ болған тараптан тек белгісіз бір заңгер ғана келген. Басылым өкілдері жағдайды өте күмәнді деп бағалап отыр.
— Бұл хатқа Виталий Пак қол қойған. Онда бүгін мені «Орда» басылымының басшылығынан босату туралы жиналыс өтетіні жазылған. Маған ультиматум қойды: өз компаниямды мен мүлде танымайтын Мақсат Ғаниев есімді адамға тапсыруым керек екен. Мұны ұйымдастырған — заңгер Виталий Пак, — дейді басылым басшысы Гүлнара Бажкенова.
Оның айтуынша, Виталий Пак пен Мақсат Ғаниев камераға түсіп қалудан сескеніп, кездесуге келмеген. Редакцияның бас редакторы Гүлнара Бажкенова бұған дейін өзіне қоқан-лоқы жасалып жатқанын, сайтқа талас басталғанын бірнеше рет мәләмдеген еді.
Өзіне қысым көрсетіліп жатқанын ulysmedia агетттігнің басшысы Самал Ибраева да айтып келеді.
Фото: time.kz