Перизат Қайрат тергеу кезінде таяқ жегенін айтты

Астанадағы сот отырысы басталар алдында айыпталушы Перизат Қайрат тергеу барысында өзін соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

“Бұл заңсыз — [соққыға жығу]. Қала прокуратурасынан сұрасаңыздар болады, бәрі ЕҚДБ-де тіркелген, іс қозғалды” — деді Қайрат журналистердің сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ ол анасын алғаш рет бүгін ғана көріп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, күдікті мәртебесі оған 18 наурызда берілгенімен, осы күнге дейін қоғамдық қорғаушыларды тағайындамаған.

“Маған бірде-бір рет қоғамдық қорғаушы берген жоқ”, — деп атап өтті айыпталушы.