Фото: pressball.by
Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасында дебют жасаған ең жас қазақстандық футболшы атанды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Ол «Қайрат» командасының негізгі құрамында Словенияның «Олимпия» клубына қарсы іріктеу матчына шықты. Ойын Любляна қаласында өтті.
Дастан Сәтбаев бұл тарихи қадамды 16 жас 10 ай 26 күн кезінде жасады. Бұл көрсеткіш — қазақстандық ойыншылар арасында абсолют рекорд.
Егер іріктеу кезеңін есепке алсақ, бұған дейін Чемпиондар лигасында жасөспірім ретінде ойнаған жалғыз қазақстандық футболшы Юрий Логвиненко болған. 2006 жылы 19 шілдеді ол «Ақтөбе» сапында Латвияның «Металлург» командасына қарсы (1:1) өткен матчте ойнады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram