Қытай әскери техниканы экспорттауға дайын екенін мәлімдеді

Қытай әскери техникасын экспорттауға ниетті екенін ресми түрде жариялады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Qazaq.today.

Министрліктің ресми өкілі Цзян Биньнің айтуынша, Қытай қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттау ісінде жауапты әрі байыпты саясат ұстанады.

– Біз Қытайдың әскери технология саласындағы жетістіктерін достас мемлекеттермен бөлісуге және жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға әзірміз, – деді ол брифинг барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Украина Қытайдың бес қорғаныстық компаниясына санкциялар енгізген болатын.