Фото: stan.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 30 маусымда Президент жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылған болатын.