«Түн ішінде салют атып, елді шошытты»: қызы сотталып жатқан Абай Бегейдің әйелі де елдің шырқын бұзды (ВИДЕО)

Фото: жеке парақшасынан

Эстрада жұлдызы Абай Бегейдің әйелі Фариза туған күнін дүркіретіп қарсы алды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әншінің жары туған күнін жақындарымен бірге қарсы алған.

«Бүгін дүние есігін ашқан күнім. Жаңа жасым берекемен келсін. Жақындарым жанымда менен асқан бақытты адам жоқ», — деп жазды ол. 

Осы тұста желіде Абай Бегейдің Ақтаудағы көршілері шағымдануда.

«Туған күн құтты болсын! Бірақ түнгі 0:00-де қатты ән қойып, салют атуды қоясыздар ма? Балам шошығаннан бір сағат жылады. Дәл қасыңыздағы көршілеріңізбін», — деді желі қолданушысы.