«Кішкентай ғой әлі»: «Нысана» театрының актері Дәнекер Оразбай қызын ұзатты (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Дәнекер Оразбай қызын ұзатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода ол қызын ұзатқанда жыламайтынын айтқан. Алайда қызымен қоштасар сәтте әзілкеш жан тебіренісін жасыра алмай, жылап қалды.

«Кішкентай қыз ғой әлі. 1 жыл күтсе болар еді ғой», — деді Дәнекер көзіне жас алып тұрып.

Ол бұл әрекетімен желі қолданушыларының да көңілін босатқан тәрізді. Қызын қимаған әкені түсінген оқырмандары оған қолдау білдірді.

«Өзің де біреудің кішкентай қызын алдың ғой», «Қыз кетем деп тұрса ұстама, бақытты болсын», «Қызыңның жүрегін ауыртпа, қыз жат жұрттық қой», «Қыз берген оңай ма», — деп жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Абай Аязбаев (@abay_ayazbayev)