Фото: ҚФФ
Бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогі кезеңінің екінші жарыс күні, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қазақстан құрамасынан рингке бірден алты боксшысы шығады.
Күндізгі сессия (14:00-де басталады):
- 54 кг: Әнел Сақыш — Феруза Казакова (Өзбекстан)
- 55 кг: Махмұт Сабырхан — Шин Чжэен (Корея)
- 80 кг: Нұрбек Оралбай — Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)
Кешкі сессия (19:00 басталады):
- 60 кг: Серік Теміржанов — Джейкоб Кассар (Аустралия)
- 75 кг: Надежда Рябец — Дос Сантос Перейра Вивиане (Бразилия)
- +90 кг: Айбек Оралбай — Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)
Барлық жекпе-жекті Qazsport арнасы мен арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.
Еске салайық, Астанадағы Әлем кубогі 6 шілдеге дейін жалғасады.
