Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем кубогі өз шымылдығын түрді. Алғашқы болып шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Назым 48 келі салмақта бірінші жекпе-жегінде канадалық Приянка Диллонды айқын басымдықпен ұтты. Осылайша Назым Қызайбай келесі кезеңге жолдама алды.
Бокс федерациясы мәліметінше, оның келесі қарсыласы – өзбекстандық Азия ойындарының чемпионы Фарзона Файзолова.
Айта кетейік, бұл дүбірлі дода елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысты World Boxing ұйымы өткізіп жатыр. Айтулы додаға 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы бақ сынайды.