Өскемен тұрғыны баласымен өзенге батып кете жаздады

Фото: 112shygysqaz_tjd

Өскемендегі Ертіс өзеніне ағып бара жатқан ер адамды ұлымен бірге құтқарушылар жағаға алып шықты. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері Бауыржан Капитанов жылдам әрекет етіп, құтқару шеңберін лақтырып, 1983 жылы туған ер адам мен 2012 жылы туған ұлын судан аман-есен жағаға алып шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су қоймаларында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауғашақырады:

  • Қауіпсіздік сызығынан асып жүзбеңіздер;
  • Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар;
  • Мас күйде шомылуға болмайды;
  • Арнайы жабдықталмаған орындарда суға түспеңіздер.