Алматыда тау опырылып, жолды басып қалды. Төтенше жағдайлар департаменті қалыптасқан ахуалға байланысты, туристерге ескерту жасады. Медеу-Шымбұлақ арасын жалғайтын автожол жабық. Биіктіктен қопарыла құлаған тастар екі күн тоқтамаған. Қазіргі уақытта Алматы-Космостанция және Алматы-Тұйықсу автомобиль жолдары жабылып, блокпосттар қойылды.
«Ағымдағы жылдың 11 және 13 сәуірінде Медеу-Шымбұлақ автожолында, Медеу бөгетінен 300 метр биіктіктен тастар опырылып түсті. Тау жынысының бір бөлігі автомобиль жолын басып қалды. Қәзіргі таңда қауіп әліде бар. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті және Қазселденқорғау мекемесі Алматы қаласының тұрғындарын тауға шықпауды сұрайды», -деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөзқызметі.
Мүдделі ұйымдар таулы жерлерге халықтың баруын шектеу бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет.

