Мамин Өзбекстанда не істеп жүр?

Кеше Қазақстан хоккей федерациясының президенті, бұрынғы Премьер-министр Асқар Мамин Ташкентте Parimatch-Pro Hokei Ligasy 2022-23 маусымының жабылу салтанатына қатысқан, деп хабарлайды Qazaq.today Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шараға А.Маминнен бөлек, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер ФАЗЫЛОВ, Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев қатысқан.

Финалда Астананың «Номад» командасы мен Ташкенттің «Хумо» ойыншылары кездесіп, астанлықтардың мерейі үстем болыпты. Бес матчта қазақстандық команда жеңген. Осылайша Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері соңғы алты жылда бірінші рет ел чемпионыта мен алтын медаль ұтып алды.

 

Qazaq.today