“Өсек тыңдамаңыз!“ — Қанат Бозымбаев журналиске ескерту жасады

Фото: Massaget.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев журналиске кеңес берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Massaget.kz -ке cілтеме жасап,

Үкіметтің баспасөз орталығында вице-премьерге «Бұған дейін сіз премьер-министр болады деген әңгіме көп айтылды. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?» деген сұрақ қойылды.

Қанат Бозымбаев БАҚ өкіліне өз кеңесін берді.

«Сізге бір кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз», – деді премьер-министрдің орынбасары күліп.