Атырауда оқытушылар студенттердің орнына естихан тапсырған

Облыс басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today «Ақжайық» газетіне сілтеме жасап.

«Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлер 118 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, №2 Атырау облыстық аурухананың мемлекеттік сатып алу менеджері жіберген заңбұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің комплаенс-қызметкерлері 8 құқықбұзушылық анықтады. Атап айтқанда, оқытушылардың автоматтандырылған «Платонус» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта оқу үлгерімі нашар студенттері атынан емтихан тапсырып, бағаларын көтеру мақсатында пара алу фактілері тіркелген», — деді Е. Серікқалиев аймақта комплаенс қызметімен жұмысы туралы.

Серік Шәпкенов жауапты сала мамандарына мемлекеттік сатып алу процесін орталықтандыруды, қызметке кандидаттарды толық цифрландыру арқылы іріктеуде процестің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Qazaq.today 

Яндекс.Метрика