Арселор Миттал Теміртауда қауіпсіздік шаралары сақталмаса жұмыс тоқтатылады – ТЖМ

Жыл басынан бері өндірісте 13 авария мен 103 оқиға тіркелген.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі бағытындағы шаралармен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасаған qazaq.today.

«Юрий Ильин Арселор Миттал Теміртау басшылығын Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне шақырып, өндірістегі қауіпсіздік, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Арселор Миттал Теміртау басшылығы өндірістің барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады», – деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.

Юрий Ильин Өнекәсіптік қауіпсіздік департаментіне бизнес қауымдастыққа авариялар мен оқыс оқиғалардың санын азайту үшін қажетті әдістемелік көмек көрсетуді тапсырды. Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда, заң аясында қатаң шаралар қабылданатынын, тіпті өндірістің жұмысы тоқтатылатын ескертті.

Сонымен қатар, сапар барысында Юрий Ильин «КӘАҚҚ» ЖШС Республикалық орталық штабында болды, онда Республикалық орталық штабының және «АМТ» АҚ көмір департаментінің басшылығымен бірге тау-кен құтқарушыларын әлеуметтік қолдау және авариялық-құтқару қызметтерініңі заманауи құралдармен, құрал-жабдықтармен және техникамен жарақтандыру жұмыстарымен танысты.

 

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here