Арқалықтың маңынан аязда жоғалған малшы табылды (ВИДЕО)

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен полицейлер 13 қаңтарда аязда жоғалып кеткен малшыны тапты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жоғалған адам 13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда бір топ малшымен бірге жылқыларды іздеуге шыққан болатын. Малшылар көлікпен іздеуге шығып, жылқыларды Ақмола облысынан тапты. Содан кейін көлік қарда тұрып қалып, малшылардың біреуі жылқыларды күзетемін деп жоғалып кетті.

«Үш күн ішінде, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмыстарын тоқтатпай, малшыны іздеді.  Құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және жоғалған адамның өміріне немқұрайлы қарамаған жергілікті тұрғындар ер адамды іздеуге кірісті. Ауа-райының қолайсыздығы тік ұшақпен іздеуге кедергі келтірді. Сондықтан ер адамды жаяу және квадрокоптердің көмегімен іздеді», – делінген хабарламада.

Порталдың мәліметіне қарағанда, 16 қаңтарда Астана қаласынан жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ ұшып келді. Малшыны іздеуге барлық ресурстар, соның ішінде тікұшақтар, жол талғамайтын көліктер мен қарда жүретін көліктер тартылды.

Жоғалған малшыны Восточное ауылының маңында полиция қызметкері тапты.

Малшы үсікпен Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.

 

34